БІЗ ТУРАЛЫ
        2018 жылғы 10 қазанда жалпы жиналыс хаттамасына сәйкес, «Түркістан облысының заң кеңесшілері» қоғамдық бірлестігі болып құрылып, Түркістан облыстық Әділет департамінде тіркеуден өткен. 2019 жылғы 10 қазанда  «Түркістан облысының заң кеңесшілері» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысының заң кеңесшілерінің палатасы болып қайта құрылды. 2021 жылғы 9 қыркүйекте жалпы  жиналыс  отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша заң консультанттары палатасы Түркістан облысы заң кеңесшілерінің палатасына қайта ұйымдастырумен қосылып, палатаның атауы Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы болып өзгертіліп, Түркістан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте қайта тіркеуден өткен. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өзінің мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген. Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.   
Палатаның толық атауы: 
мемлекеттік тілде – Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары Палатасы
орыс тілінде – Межрегиональная палата юридических консультантов по Туркестан-Кызылординской области             
Палатаның қызметінің мақсаты мен негізгі түрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету болып табылады.