«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалы Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Кайырбекова Балжан Кожабековнаны 30 тамыз Конституция күніне орай қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі үшін, партиялық жобалардың іске асуына белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

«Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалынан алынған марапат - Копия

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!

Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пернебаева Гүлнара Жексембаевна жаңа Конституцияға қатысты өз пікірін білдірді.   «Мен жаңа Конституциядан ең алдымен әділеттілікті, заң алдындағы теңдікті, жауапкершілікті, ашықтықты және халық мүддесінің қорғалуын көремін. Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам. Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Заң үстемдігі орнаған жерде әділеттілік салтанат құрады, ал әділетті қоғамда тұрақтылық пен сенім қалыптасады. Біз үшін тек заң қабылдау жеткіліксіз. Ең бастысы – оның талаптарын өмірде мүлтіксіз орындау. Әрбір азамат өз құқығын біліп, міндеттерін адал атқарғанда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады. Менің ұстанымым айқын: Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, ол – халықтың сенімі, мемлекеттің тірегі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз! Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, заңымыз үстем, халқымыз бірлікте болсын!»